
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес.Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - ұдайы мұқият зерттеуді, жүйелі көзқарасты және жан-жақты және жедел әрекет етуді қажет ететін қазіргі қоғамдағы жағымсыз құбылыс. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің беделін және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты басымдығы болып табылады.