
2015 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» және «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже» қабылданды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын орындау мақсатында, бекітілген Ереже бойынша, барлық мемлекеттік мекемеде, соның ішінде Іле ауданы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкіл функциясы енгізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілді енгізудің түп негізі – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке бағытталған мемлекеттік менеджменттің жаңа, ұтымды, сапалы моделін қалыптастыру.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізі міндеттері:
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді; 2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді; 3) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; 4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Яғни, Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында, жыл көлемінде кемінде 2-рет анонимді сауалнама жүргізіп, нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің ара қатынасына, басшы мен қызметшілердің қарым-қатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасап, ұжымдағы жағдай қалыпты болмаса ұжым басшысына ұсынымдар береді. 5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды; 6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады; 7) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді; 9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді; 11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыным бере алады. 12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.
Бүгінгі таңда, Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік мекемелерде өз маңыздылығын көрсетуде. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі-ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осы мақсатпен олар тұрақты түрде елді мекендерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.
Іле ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан 2020 жылдың 1, 2 тоқсанында мемлекеттік деңгейдегі қабылданған төтенше жағдай режимін сақтай отырып, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 32 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек 78 мемлекеттік қызметкерге көрсетіліп, кент және ауылдық округі әкімдіктері аппараттарының қызметкерлеріне Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша ауданның 101 - ден астам мемлекеттік қызметшілерге 4 көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізіліп, БАҚ – та 7 мақала жарияланды.
Бүгінгі таңда Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін аудан әкімінің аппарат басшысы - Мәдіғұлов Мұрат Бахыткерімұлы атқарады. Азаматтарды әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдау жүргізеді. Байланыс телефондары: 8 72752 2 01 83 (202), сенім телефоны: 8727 522 03 79, 8747 86 77 080.
А.Советхан