лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі8 айда 1 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі8 айда 1 триллион теңгеден асты

 

2023 жылдың 8 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 1,04 трлн теңгеден асты. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 340,4 млрд теңгеге немесе 49% артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.09.2023ж.жағдай бойынша 6,77% құрады.

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегіэкономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады.Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымындағыҚРҰБ-тың қаржы құралдары бөлінісіндеАҚШ долларында номиналданған қаржы құралдары – 30,70%, ұлттық валютада –69,28%.

Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді инвестиция. Сәйкесінше, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.

Осылайша, инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгерістері негізінен зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі валюталық үлесті қайта бағалау салдарынан теріс бағамдық айырмашылықтың туындауына, сондай-ақ қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты.

Инвестициялық портфельді әртараптандыру (өткізу нарықтарының ассортиментін кеңейту және қайта бағдарлау), егер бір құрал бойынша табыс басқа құралдар бойынша уақытша залалдарды жабатын болса, зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2023 жылғы 1 қыркүйектегі инвестициялық кірістілікбүкіл кезеңдегі инфляция 729,41% болғанда, өспелі қорытынды788,6%көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі үшін айырманың өтелуіне де мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыздар

Дата публикации
04 октября 2023
Дата обновления
04 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы