
2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна түрлері (МЗЖ және МКЗЖ) есебінен жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ басқаруына бере алады. Шілде айында 583 азамат бұл құқықты пайдаланып, портфельді басқарушыларға 820 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ретте БЖЗҚ аударуға 740-тан астам өтінімді орындады.
Барлық кезең бойынша БЖЗҚ 3 972 өтініш берушінің 6 738 өтінімін орындап, инвестициялық портфельді басқарушыларға 9,8 млрд теңге аударды.
Еске салайық, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру кезінде мемлекеттік кепілдік зейнетақы активтерінің кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады.