лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі 5 айдағы таза инвестициялық кірісі – 493,4 млрд теңге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі

5 айдағы таза инвестициялық кірісі – 493,4 млрд теңге

2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 493,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 11,56% көрсетті.

 

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді (ИПБ) басқарушылар инвестициялық кіріс алу мақсатында зейнетақы активтерін ҚР және шетелдік экономиканың сан алуан секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі. ҚР ҰБ қаржы құралдары бөлінісіндегі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі құрылымының 29% – АҚШ долларымен, 71% – ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарының еншісінде.

 

            Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді инвестиция. Сәйкесінше, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.

            Барлық кезең ішінде жинақталған инвестициялық кірістілік жинақталған инфляция 715,41% болғанда, өскелең жиынтықпен 759,72% көрсетті. Демек, ұзақ мерзімді перспективада жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.

           Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдер ішіндегі кірістіліктің төмендеуі үшін айырманың өтелуіне де мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

 

Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Дата публикации
04 июля 2023
Дата обновления
04 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы