лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 22 маусымында «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өткізілді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 2023 жылдың 22 маусымында «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өткізілді   

 

"Ашық есік күні" Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".

 

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ бөліктер түссе, жинақтаушы бөлік БЖЗҚ-дағы міндетті және ерікті жарналар есебінен түседі.

Еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі үш тарапқа бөлінеді: мемлекет, азаматтың өзі және жұмыс беруші. Сондықтан қызметкерге болашақ зейнетақысын жоспарлау үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы төлеуін және жалпы жеке зейнетақы шотының жай-күйін қадағалап отырғаны өте маңызды. Қор мамандары "Ашық есік күніне" қатысушылармен осы тақырыпты талқылады.

Қатысушылар БЖЗҚ сайтындағы және БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы "Зейнетақы калькуляторы" көмегімен болашақ төлемдерді есептеу мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Пайдаланушыға мемлекеттік бюджет есебінен берілетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қоса алғанда, барлық зейнетақы төлемдерінің болжамды мөлшерін дербес есептеуге мүмкіндік беретін ағымдағы және болжамды калькулятор  жоғары бағаланды.

Калькулятор зейнетақы жинақтарын біржолғы пайдалануды жоспарлаған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, калькуляторда заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төлемдерді арттыру есебі де қамтылған.

Қатысушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің серпінін көруге мүмкіндік беретін есептеуді өте пайдалы деп тапты.

Сондай-ақ, "Зейнетақы калькуляторының" көмегімен зейнетақы жинақтарын аннуитетке аударған жағдайда сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің сомасын да есептеуге болады. Бұл есептеулер төлемдердің қай мерзімде жүзеге асырылатынын, оларды жүзеге асыру кезеңін, бірінші төлемнің мөлшерін түсінуге және оның сізге қаншалықты тиімді екенін салыстыруға және өз таңдауыңызды жасауға көмектеседі.

Іс-шараға қатысушылар саны  көп болды және ол аса белсенді пікірталас ретінде өтті. 

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы