
«Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі төрт мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Іле ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Қуат ықшамауданы, Қапал батыр көшесі, 2 үй. Байланыс телефондарымыз: 8/72752/ 2-17-81, 8/72752/2-07-04, 307-41-47
2022 жылы бөліммен 349 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын анықтау бойынша 1986 анықтама, 1745 сәулет – жоспарлау тапсырмасы берілді, 1268 эскиздік жоба келісілді, 112 объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат берілді.
Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті талаптарға сәйкес келмеуі және жоспарланған құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау және жинау, ақпараттық жүйеде алғашқы тіркеуді қызмет алушының өзі жүзеге асырады, жергілікті мемлекеттік орган өңделген өтінімдерді қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді жүргізеді.
Бөлімде тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, инфографика, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары туралы қызмет көрсетудi iске асырады. Елбасымыздың мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндірме іс-шаралары өткізіліп, 165 азамат қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды түрде жүзеге асырылады.
Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.
Аудандық әкімшіліктің веб-сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде халықты ақпараттандыру үшін стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі бар.
Аудан әкімдігінің ғимаратында «сервистік әкімдікте» мемлекеттік қызмет туралы барлық ақпаратты алуға болады. Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалау шарттарының бірі – қызметті уақытылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып табылады.