лого

Меню

Страницы

Статья

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, қосымша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылға ақпарат

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 

Жобаның негізгі мақсаты - ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру шаралары туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, оның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою.

Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 4 бөлігінің 8 тармағына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы 37 бабының 1 тармағына, «Ауылдық елді  мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетіледі.

Аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша мамандарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi айқындалған. Көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш – (345000,0 теңге) және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау 1500 айлық есептік көрсеткіш – (5175000,0 теңге) көрсетіледі. Әлеуметтік  қолдау  шаралары  ұсынылған  маман  ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. 

Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

Ауданда 2009 жылдан бастап көтерме жәрдемақы, 2011 жылдан бастап тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беріле басталды.

2022 жылы жалпы көтерме жәрдемақы алған мамандардың саны - 162, жалпы сомасы – 49 621,0  мың теңге. Оның ішінде: 102 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 31 242,6 мың теңге; 58 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 17 765,4 мың теңге; 2 маман спорт саласынан, жалпы сомасы – 612,6 мың теңге.

Ал тұрғын-үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредитке 24 маман -  110 268,0 мың теңге берілді. Оның ішінде : 11 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 50 539,5 мың теңге, 13 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 59 728,5 мың теңге, осы сала бойынша 2 маман тұрғын-үй салуға 9189,0 мың теңге бюджеттік несие алды. Әлеуметтік қолдау шараларына тапсырған мамандар аудан әкімдігінің қаулысы негізінде кезекке қойылады.

Мемлекеттің тарапынан осы   бағдарламаның көмегімен ауданға мамандар баспаналы болып, отбасын құрып ауданымыздың елді мекендерінде тұрақты жұмыс істеуде.

Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба бүгінгі күні ауыл-аймақтарда орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді.

Аталған бағдарлама бойынша дөңгелек стөлдер, семинарлар, жәрмеңкелер өткізіліп, аудандық газетке мақалалар, сайтқа мәліметтер жарияланып тұрады, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат интернет алаңдарда тікелей эфирде және телеканалдарда беріледі.

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы