
Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі екі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу», «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жолдама беру».
Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының және Ұлтттық Экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі -7. Байланыс телефондары: 8/727/387-99-15, 304-56-50.
2022 жылы орталықпен 4711 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу-3611, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жолдама беру -1100.
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 15 түсіндірме іс-шаралары өткізіліп, 8000 азамат қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды және қағаз жүзінде жүзеге асырылады.
Орталық тарапынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.
Инстаграмм парақшасында centr_zanyatosti_iligres «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде халықты ақпараттандыру үшін стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі бар.
Тұрғындарды ақпараттандыру үшін стендтер бар , мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған папка бар, стендте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, телефон нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған.