лого

Меню

Страницы

Статья

«Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Бөлімнің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі ұйымдастыру шаралары қосылады.

Бөлім «Бөлім туралы Ереже», жұмыс регламенті және қызметтік міндеттерінің тиісті үлестірілуі  негізінде жұмыс істейді. «Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті, Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы біртұтас мемлекеттік саясатты өткізу және ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы аграрлық саясатты іске асыру болып табылады.

Бөлім жұмыс регламенті және функционалдық міндеттерді тиісті бөлу негізінде әрекет етеді, 10 қызметкерден (бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім секторының меңгерушісі, 7 бас маман (1 бос орын) және 5 техникалық қызметкерден тұрады.

Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қазіргі кезде аудандық сервистік әкімдік ғимаратында Өтеген батыр кенті З.Батталханов көшесі № 8 үйдегі мекен-жайда (байланыс телефонымыз: 8 727 52 5-60-27) қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады.
Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидалары қағаз түрінде және QR-код пен жасалынып, қабырғаға ілінген.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аудандық «AMANAT» партиясының аудандық филиалы депутаттық фракция отырыстары мен қоғамдық кеңес алдында есеп беріп, қоғамдық ұйым мүшелері арасында ашықтық қағидаттарына сәйкес қоғамдық тыңдалымдар өткізіліп тұрады.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту аясында басталған жобалардың бірі " Е-ЛИЦЕНЗИЯЛАУ"  мемлекеттік деректер базасы арқылы жүзеге асырылып келеді. Яғни бөлім мамандары тікелей қызмет алушымен байланыссыз, қарым-қатынас орнатпай, «Е-ЛИЦЕНЗИЯЛАУ» мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды қызметтер көрсетеді.

Бөліммен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау бойынша тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы жүргізіледі, бөлім қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне азаматтардың арыздары үшін жәшік ілінген, сенім телефоны бар (1414).

Іле ауданы бойынша ф-22 есебіне сәйкес, Іле ауданы жерінің жалпы көлемі – 779 683 га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері-618 988 га, оның ішінде: егістік – 80 766 га (суармалы егістік- 27 044 га, тәлімі егістік  - 53 722 га),  көпжылдық көшеттер – 1 981 га, жайылымдар – 556 853 га.

           2022 жылы «Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамасының талабының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылуда.

          «Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1128 өтініш түскен, оның ішінде  жеке  тұлғалардан барлығы -920 өтініш, заңды тұлғалардан-208 өтініш түскен.

           Барлық арыздар тіркеуден өтіп, қарастырылып жатыр және оларға жауаптар, қаулылар жобалары әзірленуде. Өтініштердің белгiленген мерзiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бөлімнің басшысымен, ал орындау тікелей орындаушылармен атқарылады. Бөлім жұмысының маңызды мақсаты, азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарастыру болып табылады.

            «Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес, «Электрондық үкімет порталы» және бөлім кеңсесі  арқылы 2022 жылы жыл басынан барлығы 5815 мемлекеттік қызмет көрсетілді, онын ішінде:

-«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет бойынша барлығы -4255 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 3833 қызмет, заңды тұлғаға –422 қызмет;

-«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша - 98 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға-91 қызмет, заңды тұлғаға –7 қызмет;

-«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша- 234 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға-217 қызмет, заңды тұлғаға –17 қызмет көрсетілді.

-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша –985 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 880 қызмет, заңды тұлғаға – 105 қызмет көрсетілді.

          - 143 техника бірлігі тіркелді ;

          - 43 дана тракторист машинист куәлігі берілді;

          - 51 бірлік техникаға мемлекеттік техникалық байқау жүргізілді;

- 6 бірлік техникаға кепілді мемлекеттік тіркеу жүргізілді;

Бөлім арқылы жеке және заңды тұлғалармен жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу бойынша барлығы 1742 келісім шарттары жасалынды, оның ішінде, жеке  тұлғалармен -1683 келісім-шарт, заңды тұлғалармен-59 келісім-шарт.

Іле ауданы әкімі аппаратының жылдық жоспарына сәйкес бөлім арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда бөлім арқылы мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Жәрмеңкеде келушілерге ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында ұсынылатын қызметтерді электронды форматта алу туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық насихат кітапшалары таратылып тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 20-4/04-437//20-01-7.16 (4.26 т.) тапсырмаларын орындау мақсатында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың бірыңғай ашық тізілімін ВЕБ-ОЗО модуліне енгізілген.

Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу үшін кезекке қою туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022.03.04 №19-3-12/748-И хатына сәйкес электрондық түрде E-GOV порталы арқылы беріледі.

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы