лого

Меню

Страницы

Статья

«Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040719, Қараой ауылы, Тыңдала көшесі № 7, Іле  ауданы, Алматы облысы.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 6;

2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0;

4) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;

5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою –5001;

6) жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту -  206.

2022 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны -5213

тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 5213, ақылы негізде-жоқ.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

2022 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 345 қызмет көрсетілді.

Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.

Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі). Сондай-ақ, әкім аппаратының ғимараттағы баспалдақтар сары түспен белгіленген және нашар көретін адамдарға арналған тактильді сары жолақтар бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2 жәрмеңке, 1 жария талқылау, 2 презентация, 3 акция және 7 «Egov»акциясы өткізілді, сондай-ақ электрондық қызметтерді насихаттау бойынша екі тілде 1 баннер әзірленіп, ілінді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

       2022 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы