лого

Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы 2022 жылға АҚПАРАТ

Көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру

 бағытында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

         Іле ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес,  64 мемлекеттік қызмет көрсетеді (22 қызмет электронды, 35 қызмет баламалы, 6 қызмет қағаз түрінде).

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-Әкімдік», «Мекен-жай тіркелімі», «Е-Собез», «Е-Лицензиялау»  ақпараттық жүйелері  қолданылады. 

        Аудан әкімі аппаратына қарасты 18 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар: Аудан әкімі аппаратының азаматтық хал-актілерді жүргізу бөлімі және қаржы шаруашылық және жұмылдыру бөлімі,  «Іле ауданы әкімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КМК,  «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, "Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ, «Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, сонымен қатар,   1 кенттік , 9 ауылдық округ әкімі аппараттары.

2022 жылдың қорытындысы бойынша  Іле ауданының ЖАО 65 240 мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық көрсетілген қызметтердің 85% электрондық түрде, 15% мемлекеттік коррпорация арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің көрсету мерзімдерінің сақталуы күнделікті бақылануда.

Өткен жылы бөлім арқылы «Мониторинг» ақпараттық жүйесінің талдауы барысында  құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі-2894, ауыл шаруашлығы мен жер қатынастары бөлімі -790, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі -213, , азамттық хал актілерді жүргізу бөлімі арқылы-291, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі-21, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы -18, білім бөлімі арқылы 11 мемлекеттік қызметің мерзімін бұзылуына жол берілмеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау болып табылады.

Күнделікті бөлім тарапынан талдау жасалып, қызмет көрсетуші мекемелерге хабарланып, ескертілгеніне  қарамастан 2022 жылы ауданның  жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың 10  фактісі тіркелді.

Анықтама үшін:  2022 жылы мерзімдерді бұзудың жоғарғы үлесі құрылыс сәулет және қалақұрылысы 5 факті (немесе 34,3%), ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде 3 факті,   ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі-1, Энергетический ауылдық округі әкімі аппараты-1 фактіден тіркелді. Барлығы аудан бойынша 10 мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылып, аталған мекемелердің  жауапты мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Рұқсат құжаттарын беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ оларды ұсынудан негізсіз бас тартқан құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі -21, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі-13 өтініш бойынша заңбұзушылққа жол беріліп, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаменті тарапынан жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Энергетический ауылдық округі бойынша 2 факті анықталып, (А.Казакбаева өтініш №KZRV00628746)  аталған округ әкіміне  әкімшілік айыппұл салынды.  

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Боралдай кенті мен ауылдық округтерде, бөлімдерде «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйелері  қолданылады.

Ауданда тұрғындарға электронды түрде қызмет ұсыну үшін барлығы  121  өзіне -өзі қызмет көрсету бұрыштары  ауылдық округ әкімі аппараттарының, аудандық бөлімдердің ғиматтарында, балабақша, мектеп, ауылдық кітапханаларда жабдықталған.

Жылдың  қорытындысы бойынша тұрғындар  73 710  қызметті ХҚКО бармай-ақ аталған бұрыштар арқылы электронды түрде алған. Тоқсан сайын жергілікті атқарушы мекемелердің ұсынатын есебінің нәтижесі бойынша аталған бұрыштар арқылы аудан тұрғындары мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың саны өсіп отыр.

Дегенмен тұрғындарды аудан орталығындағы ХҚКО жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді кез-келген мемлекеттік мекемеден алуды насихаттау, тиісті деңгейде жүргізілмей келеді.

Азаматтың кедергісіз мемлекеттік қызметтерді электорнды түрде алу бойынша орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы білім бөлімі арқылы тиісті деңгейде жолға қойылып, балабақшалар мен орта мектептер арқылы 2022 жылы  59 870 қызмет алынған. Бұл Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімі аппаратытары және бөлімдердің көрсетітен қызметінің 79 %  құрап отыр.        

Анықтама үшін: Боралдай кенті мен ауылдық округтерде атап айтқанда Қараой, Междуреченск, Ащыбұлақ, Казцик ауылдық округтерінде және  ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде бұл жұмыстар дұрыс ұйымдастырылмаған.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы,  автомобиль  жолдары  бөлімінде  өзіне өзі қызмет көрстеу бұрыштары  орнатылмаған. 

          Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық,  құқықтық сауаттылығын арттыру  мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, ашық есік күндері, семинарлар  жоспарға сәйкес  өткізілуде.

2022 жылы  41 шара өткізіліп, 38 488 тұрғын қамтылды.

Электронды қызметтерді тұрғындарға насихаттау бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бекітілген  медиа жоспарға сәйкес 2021 жылы  56,  2022 жылы  49 мақала жарияланды.

Жергілікті атқарушы органдар арқылы  әлеуметтік желілерде 16 бейнеролик жарияланып, тұрғындарға барлығы 17000 ға жуық  түрлі брошюралар таратылды. 

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетуде ЖАО тарапынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бір тармағы - қызмет алушыларға жағдай жасау, қызметттерді алуды әлеуметтік желілер мен БАҚ да насихаттау, ЖАО ға  тұрғындардан келіп түсетін шағымдарды азайту жұмыстары мен азаматтармен кері байланыс орнату,  қабылдаудың тұрақты жүргізілуде.  

Анықтама үшін:  ТҮКШ бөлімі, Байсерке, Междуреченск, Ащыбұлақ ауылдық округтері әлеуметтік желелеір мен БАҚ бірде бір-түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.

Қызмет алушылармен кері байланыс орнату мақсатында  «QYZMET LIVE» жобасы аясында облыстық басқармалардың аудандық бөлімшелері, аудандық бөлімдер басшылары және Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдерімен  36 тікелей эфир өткізіліп, эфир барысында келіп түскен 316    сұрақтарға  жауаптар берілді.

Аудан әкімі  жанынан құрылған мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы  арнайы мониторингтік  тобы  тоқсан сайын мекемелердегі қызмет көрсету сапасына талдау жасап тұрады.

Аталған топ мүшелері аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша ХҚКО да 9 рет  азаматтарды қабылдау шараларын жүргізіп, 59  тұрғындар сауалдарына жауаптар берілді. 

Аталған топ мүшелері өткен  жылы 18 мекемеге талдау жұмыстарын жүргізді.

Анықтама үшін: Алайда Чапаев, Қараой, Казцик ауылдық округ әкімі аппаратындағы пандустар бірнеше ескертулер мен ұсыныстарға берілгенмен әлі де талаптарға сәйкестіндірілемсе, Күрті ауылдық округі әкімі аппартының ғимаратында мүлдем пандус орнатылмаған.

Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік әкімдік»  форматымен аудан халқына  қызмет көрсету  үшін аудандық 1 аудандық сервистік әкімдік және 1 кенттік (Боралдай кенті),  2 ауылдық округ әкімдігінің ғимараттары (Энергетический, Байсерке ауылдық округтері)  күрделі жөндеуден өтіп, «OPEN space» форматында жабдықталып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Департамент пен Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бірлескен жобасы аясында ауданда еріктілерден құрылған «E-GOV жаршысы» еріктілер клубының мүшелері тұрғындарға электронды қызметтерді оңай алу тәсілдерін түсіндіру үшін жергілікті жерлерде және аудан орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын насихаттап, 39 700 тұрғынды  қамти отырып,   28 акция өткізді.

 Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үлесі артқанын атап өткен жөн.

Талдау қорытындысы бойынша талдау парақшалары толтырылып, кемшіліктер қоғамдық кеңес және «AMANAT» партиясының депутаттық фракция және саяси кеңестің бюро отырыстарында қаралып, ұсыныстар берілді.

       Талдау тобының ұсынысамен аудандық қоғамдық кеңес отырысында қаралған мәселе бойынша Қараой, Междуреченск, Ақши ауылдық мәдениет үйлеріне мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасау үшін 4,8 млн теңге қаражат бөлініп, пандус, брайл қәрпімен жазылған маңдайша жазулар, нашар көретіндер үшін арнайы сары жолақтар орнатылды.                  

       Междуреченск ауылдық мәдениет үйіне 1,8 млн теңге, Боралдай кенттік кітапханасына  870 000 теңге  бөлініп, осындай жұмыстар аяқталды.

        Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру алаңдарының бірі қоғамдық кеңестер отырысында қызмет сапасын арттыру мәселесін талқылау болып табылады.

Қоғамдық кеңестің отырыстарында 4 ауылдық округ 4 аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы мәселелер талқыланып, ұсыныстар орындалды.

Бөлімнің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Бақылау функциялары шеңберінде 2022 жылы ЖАО-да 13 тексеру іс-шарасы өткізілді (бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау – 11, жоспардан тыс тексерулер-2).

Жалпы тексеру қорытындысы бойынша 19 бұзушылық фактісі анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 9 нұсқама енгізіліп, барлығы орындалып, 4 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  ЖАО орындаушы (маман) құрам.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына»  сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес  11 мекемеге  ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.  Ішкі бақылау қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылды.

 

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы