
Соңғы кездері Іле ауданында жеке тұрғын үй секторында шөп жану деректері тіркелуде. Онда көптеген жағдайларда от тұрғын үйге немесе шаруашылық құрылыстарға өтіп кету деректері тіркелуде. Оның негізгі себептері — бұл тасымалдау және жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Жем-шөп жинау және тасымалдау кезіндегі негізгі өрт қауіпсіздік ережелері:
Жем-шөп жинау кезінде ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 15 метр қашықтықта жинау қажет.
Жинау мүмкін болмаған жағдайда жинау сыйымдылығы кемінде 500 литр бөшке сумен орналастырып, 5 метрге дейін қысқартуға болады.
Ірі жем-шөптерді жинау жер деңгейінен 4 метр биіктіктен аспауы тиіс.
Ағар, шөмелелержем-шөп, басқа да жанғышзаттар мен материалдарды жинауға болмайды олар:
1) сарайлар және басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырында;
2) электр желілерінің астына;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан қашықтықта кемінде 3 метр жерге жинау қажет.
Маялары, шөмелелер көшелерде, жолдарда, учаскелерден тыс жерлерге жинауға болмайды.
Ірі жем-шөптерді тасымалдау кезінде көлік арнайы жабдықталған және ұшқын сөндіргіштері болуы керек.
Ірі жем-шөптердітасымалдауға арналған көлік құралдары, қосымша екі ұнтақты өртсөндіргішпен жабдықталады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті