лого

Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету және қоғамға бейімдеу» АШЫҚ ЕСІК акциясы өткізілді.

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл/кент әкімдіктерінде «Ашық есік акциясы» өткізіліп «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету және қоғамға бейімдеу мақсатында аудандық полиция бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп қатысқан әр азаматқа заң шеңберінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң аясында оның ішінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалары және олардың құқықтары мен міндеттерінің негізгі бағыттары туралы түсініктеме берілді.

Аудан бойынша пробация есебінде тұрған 374 адам және  жергілікті полициялық қызметтің тіркеуінде тұрған -99 адамның әр қайсымен үй -үйді аралап жұмыс атқару үшін тізімдерімен бірге хат жолданды.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған Энергетикалық ауылдық округінде 15 адам, КазЦик ауылдық округінде тіркеуде тұрған 8- і және Караой ауылдық округінде тұрған  акцияға қатыстықан 22 адамға әр қайсына әлеуметтік- құқықтық көмек бойынша  консультативті-кеңес берілді.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімі пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында орталықта жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі яғни, тұрақты жұмыс орнына бос жұмыс орындарын іріктеу жүргізіледі, тиісті бос жұмыс орны болмаған жағдайда уақытша жұмыс орны  -бұл әлеуметтік жұмыс орындары,  күміс жас, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы іріктеледі. Сондай-ақ, жұмыссыздар қысқа мерзімді курстарда оқып еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға біліктілігін арттырып жұмысқа орналасуына, электрондық еңбек биржасы «Enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.

          Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар үшін бос жұмыс орындарына квота белгіленгеніп жергілікті атқарушы органдарға жүгіну барысында жұмысқа орналасуға болады және бір жолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Кездесу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіппен сот жүктеген міндеттерді сақтап, заң талаптарын орындауға шақырды.

Ауылдық округ әкімшіліктеріне жиналған есептегі тұлғалардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік ашу барысындағы құжаттарды рәсімдеу және несие алу бағытында сұрақтары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы