
1 наурызда Алматы облысында сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарлануда! Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын облыстық сейсмикалық жаттығудың басталғаны туралы мәтін айтыла отыра, Алматы облысының азаматтық қорғауды хабардар ету жүйелері қосылатын болады. Осыған байланысты сиреналарды іске қосқан кезде дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, жаттығу оқу мақсатында өткізіледі! Осы жаттығуды өткізуге дайын болыңыз және белсенді қатысыңыз. Қажетті киім, тамақ, құжаттар бар дабыл чемоданың дайындау керек. Эвакуациялау кезінде көшеден қауіпсіз жиналу орнын, атап айтқанда электр желілерінен, тіректерден, ағаштардан және ғимараттардан алыс қашықтықтағы ашық аумақты анықтаңыз. Білім беру мекемелерінің басшылары! Балалар мен студенттерді қауіпсіз жерлерге эвакуациялауды жоспарлаңыз. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары! Өндірісті апатсыз тоқтатуды қамтамасыз ету қажет. Жұмысшыларды қауіпсіз жерлерге шығарыңыз. Авариялық-құтқару қызметтерін, азаматтық қорғау құрылымдарын және техникаларын дайындыққа келтіріңіз!