лого

Меню

Страницы

Статья

Сіріңке - бір адамның өмірі!

     Өртте бізге,ересектерге қарағанда бес жасқа дейінгі балалардың  өлім қауіпі екі есе жоғары.Жыл сайын  үйде болған өрт апаттарында мыңдаған балалар жарақат алады немесе қаза табады,олардың  көпшілігі - бес жасқа дейінгі балалар.
         Отбасының ең кішкентай мүшелері жайында есте сақтаңыз: жалғыз махаббат оларды өлімнен арашаламайды. Өрт қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы оларды  қорғай аласыз.  Сондықтан, сәбилер мен балаларды апаттық өрттен қорғауға көмектесу  үшін ТЖ бөлімі ата- аналарға және қарауында балалар бар адамдарға осы маңызды ақпаратты ұсынады:
1. Сіріңкелер, оттықтар және басқа да от көздері - бес жасқа дейінгі балалардағы өрттен болатын өлімінің басты себебі. Айта кету керек,  тұрмыстық өрттердің  шығуының көбіне балалардың өздері оттықтар және сіріңкелермен ойнау арқылы  себеп болады. Балалар отқа табиғи қызығушылық танытады, сондықтан біз олардың сіріңке жағуға немесе оттықтарды тұтандыруға қабілеттілігін бағалай білуіміз керек;
2. Сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін және көрінбейтін жерде сақтаңыз, мүмкіндігінше кілтпен жабылатын жерде.
3. Балаларыңызға сіріңке немесе оттық тапқан кездерінде сізге айтуды үйретіңіз.
4.Ешқашан көңіл көтеру үшін сіріңкелер мен оттықтарды қолданбаңыз. Балалар сізге еліктей бастауы мүмкін.
5. Балаларды өрт сөндірушілерден тығылмауға үйретіңіз. Төтенше жағдай кезінде өрт сөндіруші киимі балаларды қорқытуы мүмкін. Балаларға өрт сөндірушіледің қауіпті жағдайда көмекке келгенін түсіндіріңіз. Құрметті азаматтар, сақ болыңыздар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар,өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар

 

Іле ауданы ТЖБ аға инженеры
а.қ. майоры Асмиева З.С.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Маслихат
13 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы