
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорына кезекті есепті кезең өтетінін еске салады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы № 160-VІ ҚРЗ Заңымен ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсынуға тиіс ұйымдардың тізбесі нақтыланды.
Анықтама:
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы" ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағы: жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелері) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 213-бабына сәйкес, есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін табыс етуді тоқтатқан және осы мерзім ішінде қызметін қайта бастамаған үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысындағылар Ереженің 7-1 тармағына сәйкес өз қызметі туралы мәліметтерді ұйымдардың дерекқорына ұсынбайды.
Жалпы, ҮЕҰ Дерекқоры бойынша барлық ақпарат интернет-порталда орналастырылған infonpo.gov.kz.
Ескертулер болған жағдайда ҮЕҰ мәліметтерді пысықтауға қайтарады.
Толтырылған Нысанды (кестені) қағаз түрінде ілеспе хатпен бірге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, «Министрліктер Үйі» 15-кіреберіс) жіберуге болады.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді 2023 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін еске саламыз.