
2022 жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында Өтеген батыр ауылында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ батыры Райымбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Республикалық турнирі өткізілді. Аталған іс-шараға еліміздің облыстары мен қалаларынан 18 команда 450-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыстың ашылу рәсіміне Іле ауданының әкімі – Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, жарысқа келген қонақтар мен спортшыларды жарыстың ашылу рәсімімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ауданымыздың атынан қатысқан Тұрсынәлі Алишер 60 келі салмақ дәрежесінде 1 орынға қол жеткізіп, 150 мың теңге ақшалай сыйлықпен, медаль және грамотамен марапатталды.