
2022 жылдың 29 қазан күні Өтеген батыр ауылында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері, ауданның құрметті азаматы Ғалия Нәдірбекқызын еске алуға арналған Іле ауданының ашық турнирі өткізілді. Аталған іс-шараға облысымыздың қалалары мен аудандарынан 10 команда 150-ге жуық спортшы қатысты.
Сонымен қатар жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері медаль және грамотамен марапатталды.