
2022 жылдың 27-28 қазан күндері аралығында Өтеген батыр ауылында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Республика күні» мемлекеттік мерекесіне орай, самбо күресінен 2006-2007 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Халық батыры Әлмерек абыз жүлдесіне арналған Алматы облысының ашық турнирі өткізілді. Аталған іс-шараға еліміздің облыстары мен қалаларынан 15 команда 150-ге жуық спортшы қатысты.
Сонымен қатар жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері медаль және грамотамен марапатталды.