Іле ауданының 2026 жылғы 09 қаңтарындағы №2 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы» қаулысына қосымша тізбе қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 4 тармағының 8 тармақшасына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы 31 бабының 2 тармағына, «Ауылдық елді  мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес, Іле ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 қаңтарындағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы» №2 қаулысына қосымша тізбе қалыптастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Іле ауданы бойынша 2026 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша қосымша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін, осы қаулының қосымшасына сәйкес қалыптастырылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                Қ. Жақсымбетов

Дата публикации
08 апреля 2026