Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы «Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 11-38 шешіміне өзгерістер мен толықтырлар енгізу туралы Жоба

Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 04 қазандағы № 11-38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6038-05 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  2-тарау көрсетілген шешімнің қосымшасында:

  8 -тармақ алынып тасталсын;

1) тармақша, 9 тармақта мүлік деген сөздің орнына жылжымайтын мүлік деген сөзді қосу;

 9- тармаққа жаңа жол жазылсын:

 табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып: оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда)

бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;

 4 -тармақша 9 тармақ алынып тасталсын;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
17 марта 2026