Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 04 қазандағы № 11-38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6038-05 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 1. бірінші азат жол 1) тармақша 7-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;
- 8-ші тармақты алып тастау;
- 1) тармақша, 9 тармақ бірінші, екінші, үшінші азат жолдағы мүлік деген сөздің орнына жылжымайтын мүлік деген сөзді қосу;
тармақша, 9 тармақ төршінші азат жолға табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып: оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда)
бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;
- бірінші, екіші азат жол 2)тармақша 9тармақты алып тастау;
- тармақша 9 тармақты алып тастау;
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.