Өтеген Батыр кенті 24 ақпан 2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің толық атауы: "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ.
Ішкі талдау жүргізу негізі: Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2026 жылғы 16 ақпандағы №18 "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 17 ақпаннан 25 ақпанға дейін. Ішкі талдаумен бөлімнің 2025 жылғы жұмыс кезенің қамтыды.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;.
Талдау көздері ретінде бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер (заңдар, ереже, бұйрықтар, ережелер және өзге де НҚА), уәкілетті органдардың нұсқамалары, бөлімнің ішкі құжаттары, еркін қол жетімді материалдар мен құжаттар пайдаланылды.
Бөлім өз қызметін Іле ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 09 қазандағы №610 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 51-ө н/н бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1.1. Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» ҚР 20.04.2023 №224-VII Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 01.07.2024 жылғы №106-VІІІ Заңы;
- Қазақстан Республикасының 29.06.2020 №350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
- «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 06.05.2020 №322-VI Заңы;
- «Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 18.12.1992 ж. №1787-ХІІ ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.06.2023 №227 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №283 «Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №284 «Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы №84 бұйрығы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері туралы»;
- Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдарға жестау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі - Премьер-Министр орынбасарының 30.06.2023 жылғы №287 «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың мерзімдерін қоса алғанда, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы ауыстыру.
- Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №288 «Мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 жылғы №123 бұйрығы.
- Іле аудандық мәслихатының 05.11.20 жылғы №65-261 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімі.
- Іле аудандық мәслихатының 14.02.2020 жылғы №51-228 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешімі.
- Іле аудандық мәслихатының 22.12.2023 №16-45 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі.
- Іле аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту,оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 04.10.2023 №11-38 шешімі.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.112024 жылғы №427 бұйрығы «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы».
2.БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
2025 жылғы 01 қаңтардағы штат кестесіне сәйкес, бөлімнің жалпы штат саны 10 адамды құрайды. Талданған кезеңде айналым және кадрлардың ауысуы болған жоқ.
2.2. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша.
Бөліммен төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»;
2) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
3) «Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
4) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
5) « Есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге жылына алпыс сағат құжаттарды ресімдеу»;
6) «Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
7) «Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
8) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
9) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
10) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
11) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
12) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
13) «Ақталған адамға куәліктер беру»;
14) «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу»;
15) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу».
16) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттын шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері Стандартпен бекітілген нормаларға сәйкес келеді.
3.Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ұсыныс:
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес педагогтердің жалақысы 100 пайызға, яғни екі есеге арттырылды. 2023 жылғы қыркүйекте мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қосымша 30 пайызға жалақы өсімін алды, сондай-ақ өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне 30-35 пайыз мөлшерінде қосымша ақы белгіленді, ауыл педогогтары қала мұғалімдеріне қарағанда жалақыны 25 пайызға артық алады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Үкімет отырысында
мәлімдеуінше, соңғы 7 жылда бір тұрғынға шаққандағы медициналық шығыстар 2,6 есеге - 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы шамамен 2,5 есеге, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 2,8 есеге - 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін артқан.
|
№ Мерзімі Адам саны Жұмсалған сома 1 2023 жыл 4555 78 573 750 теңге 2 2024 жыл 5433 100 293 180 теңге 3 2025 жыл 5193 102 094 380 теңге
|
Кестеде көрсетілгендей соңғы үш жылда аулдық елді мекен тұрғындары үшін коммуналдық төлемдер мен отынға 280,9 млн. теңге жұмсалған. Алайда төлем алып отырған азаматтар агроөнеркәсіп кешенінің дамыуна үлес қосқандары шамалы.
Аталған шешім «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы негізінде еңгізілген, алайда агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
5) органикалық өнім өндірісін және айналымын дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
№58-247 шешім бойынша көрсетілетін көмек түрлері Заңда көрсетілген мақсаттарға жеткізбейді және ықпал көрсетпейді.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, аталған әлеуметтік көмек алушылар санаты жеткілікті деңгейде материалдық қамтамасыз етілген және қосымша әлеуметтік қолдау шараларын қажет етпейді.
Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» Заңынын 27 бабына сәйкес Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы №51-228 «Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы ұсынысты қарастыруыңызды сұрайды.
Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметтер бойынша мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
5.1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, бұзу фактілерін талдау барысында анықталған жоқ. ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес, Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.
2025 жылы барлығы 112 өтініш келіп түсті, 7 заңды тұлғадан және 105 жеке тұлғалардан (72 – қанағаттандырылды және – 40 түсіндірілді). 32 тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдады (барлығына заңға сәйкес қанағаттанарлық жауап берілді. Талдау көрсеткендей, бөлім қызметкерлері өтінішті қарау кезінде заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау кепілдіктері, өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы сияқты қағидаттарды пайдаланады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ұсынады:
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, аталған әлеуметтік көмек алушылар санаты жеткілікті деңгейде материалдық қамтамасыз етілген және қосымша әлеуметтік қолдау шараларын қажет етпейді.
Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» Заңынын 27 бабына сәйкес Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы №51-228 «Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы ұсынысты қарастыруыңызды сұрайды.
Алматы облысы Іле ауданының азаматтары үшін үкіметтің «ХҚКО» АЖ-сін жаңарту туралы мәселені қарауды және «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша да жаңаруды қарастыруды, «ХҚКО» ақпараттық базасын интерграциялау мәселесін қарауды сұраймыз.
Жұмыс тобының құрамы:
Молдағалиқызы жұмыс тобының жетекшісі;
Әблешқызы
Серікұлы оңалту секторының бас маманы
Абитайқызы көмексекторының бас маманы;
Зейнелкабденқызы
Таныстым:
Бөлім басшысы Ж.Сатыбалдинова