Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Іле ауданы нышанын әзірлеу үшін өтініштер 1 ай мерзімде (2026 жылғы 3 наурыздан - 2026 жылғы 3 сәуір аралығында) қабылданады.
Аудандық нышан жобасына қойылатын талаптар:
Жобаны әзірлеу
- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту;
- геральдикалық белгілерді сақтау;
- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін (Іле ауданы облыстағы экономикалық өндірістік-өнеркәсіптік орталық болып табылады) ескеру қағидаттарына негізделеді.
- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
Конкурс жеңімпазына 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Іле ауданының ішкі саясат бөліміне (электронды көшірмесі ili_vp_2021@mail.ru поштасына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2026 жылғы 3 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда 87072009292 (Тоқашбаев Мұрат Жандосұлы), нөміріне хабарласуға болады.