«Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

«Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) басшысының м.а. 2025 жылғы 16 ақпандағы «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 2-н.қ бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен Бөлімнің 2025 жылғы жұмыс кезеңі қамтылған.

«Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ ауданның индустриялық және инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын іске асыру, оның ішінде жоғары технологиялық бөліністерді енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Жоспарларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларын, жоғары тұрған органдардың актілерін орындау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары енгізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

  1. БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Бөлім өз қызметінде:

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексімен;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

және басқа да НҚА.

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

 

  1. ІШКІ ҚҰЖАТТАРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізуге байланысты, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 және «Кәсіпкерлік кодексі» 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Заңы, Бөлімнің кейбір тармақтардағы жағдайы, оның ішінде бөлімнің функциялары мен құқықтары қабылданған түзетулерге сәйкес келмейді.

1) өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту, энергетиканы, кәсіпкерлікті, шағын бизнесті, сауданы, қызмет көрсету саласын дамыту және қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында жаңа объектілерді іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және орындайды.

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» N 148 Заңының 31 және 33-баптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тіркеу және есепке алу аудан әкімінің құзыретіне кірмейді.

2) басым инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды іріктеуді және тартуға жәрдемдесуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидалары» 2-тарауының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Өңірлік үйлестіру кеңесі өз қорытындысында жобаны инвестициялық деп айқындауды келіседі не келісуден бас тартады.

3) тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің аса маңызды түрлерінің бағаларына мониторинг және талдау жүргізеді, инфляциялық процесті қадағалауды жүзеге асырады.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңына қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа ала отырып, бұл функция облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретінен алынып тасталды және сауда саласындағы уәкілетті органға берілді.

Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

 

  1. ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

- Штат кестесіне сәйкес «Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жалпы штат саны 3 адамды құрайды.

Талдау барысында мыналар анықталды:

         - Бөлім қызметкерлеріне сыйақы мен үстемеақы төлеу кезінде ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

         АНЫҚТАЛМАҒАН.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША

«Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

 

         6, БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

        

         «Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ ережесіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіледі. Шекті сауда үстемесінің 15% асып кеткені анықталған жағдайда талдау қорытындылары Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберіледі. Осы талапты бұзу хабарламаны, айыппұлдарды қолдану тәуекелдеріне және қызметті тоқтата тұруға дейін әкелуі мүмкін.

         Анықталған бұзушылықтар немесе талдау нәтижелерін бұрмалау туралы деректерді жасыру мүмкіндігін қоса алғанда, баға мониторингін жүргізетін маманның іс-әрекетіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.

 

ҰСЫНЫМДАР

Жоғары тұрған органның автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу мүмкіндігі туралы бастамашылық хаты.

Қазіргі уақытта бағалар мониторингін мамандар қолмен жүргізеді, бұл субъективтілік тәуекелін және деректерді жасыру мүмкіндігін тудырады. Автоматтандырылған жүйені енгізу:

- ақпаратты жинау және талдау кезінде адами факторды алып тастау;

- бұзушылықтарды анықтау жеделдігін арттыру;

- нақты уақыт режимінде деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- баға саясатының сақталуын бақылауды күшейту

        

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысына:

1) Іле ауданы бойынша жұмыс көлемінің көптігіне және көлемінің көп болуына байланысты «Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бір штаттық бірлігін қосуды қарастыру.

 

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі бұзушылыққа жол бермеу жөнінде қажетті бақылау шаралары қабылдансын.

3) Бөлім орындау мерзімдерін, жауапты тұлғаларды және орындау жөніндегі аралық ақпаратты ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, Талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдарды орындау жөніндегі жоспарды әзірлесін;

4) Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

 

И.Идрис  

К.Усенова

 

 

«Іле ауданының кәсіпкерлік

бөлім» ММ басшысыы                                              Қ.Саттарбай

Дата публикации
26 февраля 2026