ЖОБА
Іле ауданың әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдегі № 285
«Іле ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 291-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 19 тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Іле ауданың әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдегі № 285 «Іле ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақсының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 133377 тіркелген, 2019 жылдың 26 шілдегі Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.