«Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».

  1. Осы қаулы Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

  Төраға                                                                          М. Қалдыбаева

 Хатшы                                                                          А. Есімханов

 Өтеген батыр ауылы,

2025 жылғы 08 тамыз

№ 29

 

 

Дата публикации
08 августа 2025