Іле ауданының мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру жөніндегі 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар
Іле ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес 44 мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 42-сі электронды түрде, 2-і қағаз түрінде (Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру, Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу).
Ауданның 18 мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 кент әкімдігі, 8 ауылдық округ және 9 аудандық бөлім. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында
«Е-Әкімдік», «Мекен-жай тіркелімі», «Е-Собез», «Е-Лицензиялау» және «ЦОН» ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында аудан бойынша 19 835 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 97-2-і электрондық нұсқада жүзеге асырылды.
Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік әкімдік» форматында аудандық 1 ашық әкімдік және 1 кенттік (Боралдай кенті), 2 ауылдық округ әкімдігінің ғимараттары (Өтеген батыр және Байсерке ауылдық округтері) күрделі жөндеуден өтіп, «OPEN space» форматында жабдықталды.
Алдағы уақытта Ащыбұлақ, Күрті және Қараой ауылдық округ әкімі аппараттарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып, тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін осы ғимараттарда «OPEN space» форматында жабдықталатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау үшін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдардың қызмет көрсету мерзімдері күнделікті бақыланады. Аудан бойынша 296 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған, олар ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында, балабақшаларда, мектептерде және ауылдық кітапханаларда орналастырылған.
Электронды қызметтерді насихаттау үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 8 мақала жарияланды.
«Мониторинг» ақпараттық жүйесінде тіркелген мәліметтер бойынша, уақытылы орындалмаған мемлекеттік қызметтер анықталмады.