Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Іле ауданы әкімінде ауылдық округтер және Боралдай кентінде азаматтарды жеке қабылдаулары өткізілді.
2025 жылдың 6 айында аудан әкімінің көшпелі қабылдауларында 9 қабылдау өткізіліп, 46 азамат қабылданып, қойылған сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына және аудандағы ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің 90-бабына сәйкес, аудан әкімі қабылдау кестесіне сәйкес, әр айдың бірінші және үшінші дүйсенбісінде сағат 15:00 ден 17:30 дейін азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы барысында 10 қабылдау өткізіліп, 185 азамат жеке сұрақтарымен жүгінді.
Азаматтардың жеке қабылдаудағы көтерілген мәселелері өмірдің барлық салаларын қамтиды және әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық негізгі топтары ұсынылған, көбіне көп балалы, мүгедек және зейнеткерлер жүгінеді.

Дата публикации
18 июля 2025