ЖОБА
Іле аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-220 «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының6-бабының 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5378тіркелген, 2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 185 668 669мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 159 183 747мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 40 924 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 586 910 мың теңге;
трансферттер түсiмі 25 857 088 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 89 033 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік алып қоюлар 88 240 мың теңге;
нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 793 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 25 768 055 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 17 960 830мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 7 807 225мың теңге;
2) шығындар 194 650 169мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 119 048 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 168 725 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 49 677 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 9 100 548 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 9 100 548 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |