Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №37-119 «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 96-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 37-119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205172 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің  1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 298 748 174 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 279 881 529 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 436 835 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 2 535 111 мың теңге;

трансферттер түсiмі 15 894 699 мың теңге;

2) шығындар 302 156 336 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу 163 467 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 257 546  мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 94 079 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 571 629 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
3 571 629 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 3 147 707 мың теңге;

қарыздарды өтеу 973 240 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 397 162 мың теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешiм 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

 

Іле аудандық

мәслихатының төрағасы                                        М. Карибаев

 

Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №37-119 «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
23 июня 2025