Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 15 маусымда Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3 875 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2 265 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Іле ауданы, Күрті ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

  • Қожатаев Азамат Төлебайұлы  үшін сайлаушылардың 289  дауысы берілді;
  • Рахымбай Ғабит Даниялұлы үшін сайлаушылардың 1711 дауысы берілді;
  • Сабдикенов Руслан Мұратханұлы үшін сайлаушылардың 240 дауысы берілді.
  • «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 23.

 Сайлау қорытындылары бойынша Күрті ауылдық округі әкімі болып:
1982 жылы туған, «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры, Ақши ауылының тұрғыны Рахымбай Ғабит Даниялұлы сайланды.

Іле  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 июня 2025