КазЦИК ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

КазЦИК ауылдық округінің  көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, КазЦИК ауылдық округі халқының пікірін және 2018 жылғы 26 наурызындағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде КазЦИК ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. КазЦИК ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) КазЦИК ауылына қарасты  «Новостройка» көшесі «Алакөл» көшесіне;
2) Комсомол ауылына қарасты «Школьная» көшесі «Ұлытау» көшесіне, «Луговая» көшесі «Ақмешіт» көшесіне;

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Д.Құлымбетоваға тапсырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КазЦИК ауылдық

округінің әкімі                                                               Ж.Оналбаев    

КазЦИК ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралыга
Дата публикации
04 ноября 2020