Іле ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 7 мамырдағы
№ 24 қаулысына қосымша
| 1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін (бұдан әрі-әкім) сайлауды тағайындау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы2025 жылғы 7 мамыр(113-1 б. 2-т, 3-т) | |
| 2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей(22 б. 2-т.) | |
| 3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей(13 б. 4-т.) | |
| 4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей(17 б. 2-т.) | |
| 5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Тиісті әкімСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде2025 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей(23 б. 5-т.) | |
| 6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну. | |
| Саяси партиялар, белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібіменЕгер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады2025 жылғы 8 мамырда басталады және 2025 жылғы 20 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады(113-3 б. 1-т, 5-т.) | |
| 7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. | |
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша ДепартаментіІле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыҚажетті құжаттарды алған сәттен бастап (4 бап 4-т.,2) т., 113-2 б., 113-5-б. 11-т.) | |
| 8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыӘкім болуға кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап(14 б. 8-1) т., 31 б.) | |
| 9. Әкім болуға кандидатты өзін өзі ұсынған жағдайда оны қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттың Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде(113-4 бап) | |
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырыпТиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынған жағдайда, кандидатты қолдау үшін толтырылған қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4 б. 8-т.) | |
| 11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. | |
| Әкім болуға кандидаттар,Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)Кандидатты тіркегенге дейін(113-5 б. 2-т.) | |
| 12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 мамырға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну. | |
| Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)Кандидатты тіркегенге дейін(113-5 б. 3-т.) | |
| 13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. | |
| Мемлекеттік кірістер органдарыКандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде(113-5 б.3-т.) | |
| 14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыОл барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады2025 жылғы 8 мамырда басталады және 2025 жылғы 25 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады(113-5 бап) | |
| 15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5 б. 9-т.) | |
| 16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. | |
| Жергілікті атқарушы органдар және Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыҮгіт басталғанға дейін (28 б. 6-т.) | |
| 17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. | |
| Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады2025 жылғы 25 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады(27 б. 2-т.) | |
| 18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Жергілікті атқарушы органдар және Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде(28 б. 4-т.) | |
| 19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. | |
| Тиісті әкімдерДауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын2025 жылғы 26 мамырға дейін (24 б. 5-т.) | |
| 20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беру күніне он бес күн қалғанда2025 жылғы 31 мамырдан бастап(26 б. 1-т.) | |
| 21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын2025 жылғы 5 маусымға дейін(18 б. 5) т., 38 б. 2-т.) | |
| 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын2025 жылғы 12 маусымнан ерте емес және 14 маусымнан кешіктірмей(37 б. 3-т.) | |
| 23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын2025 жылғы 15 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де(40 б. 1-т.) | |
| 24. Дауыс беруді өткізу. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыСайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38 б.1-т.) | |
| 25. Сайлау учаскесінде әкімін сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыЖергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18 б. 8) т., 43 б.) | |
| 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу(43 б. 8-т.) | |
| 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу(113-8 б. 1-т.) | |
| 28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей2025 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей(113-10 б. 1-т.) |
|
| 29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей(44 б. 4-т. 4) т.) | |
| 30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру. | |
| Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімдеСайланған әкімнен жеті күн мерзімде Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін өз міндеттерін тоқтату туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей(45 б., 46 б. 3-т., 113-11 б. 1-т.) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.