Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округінің шекарасында Іле ауданы Күрті ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы «Іле таңы» газетінде жариялансын және Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                                                  М. Қалдыбаева

Хатшы                                                                                Ә. Есімханов

 

Өтеген батыр ауылы,

2025 жылғы 7 мамыр

№ 23

 

 

Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы
Дата публикации
08 мая 2025