Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімін сайлау 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Іле таңы» газетінде жариялансын және Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                                       М. Қалдыбаева

Хатшы                                                                      А. Есімханов

 

 Өтеген батыр ауылы,

2025 жылғы 7 мамыр,

№ 24

Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
08 мая 2025