«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округі әкімін сайлау 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Іле таңы» газетінде жариялансын және Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға М. Қалдыбаева
Хатшы А. Есімханов
Өтеген батыр ауылы,
2025 жылғы 7 мамыр,
№ 22