Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 75 және 91-баптарына сәйкес әзірленген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (АПЗ – сәулет-жоспарлау тапсырмасы);
Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
Объектілерді постутилизациялау (ғимараттарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру.
Барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2024 жылы сәулет-жоспарлау тапсырмалары бойынша 4125 өтінім түсті, оның ішінде:
2625 – талаптарға сәйкес берілді;
1500 – қызмет көрсетуден бас тартылды.
2023 эскиздік жоба келіп түсті, оның ішінде:
1661 – талаптарға сәйкес келісілді;
362 – қызмет көрсетуден бас тартылды.
Объектілерді постутилизациялау (бұзу) жұмыстарына рұқсат беру бойынша 250 өтінім қабылданды, оның ішінде:
230 – талаптарға сәйкес рұқсат берілді;
20 – бас тартылды.
2420 анықтама – жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру бойынша – жеке және заңды тұлғаларға берілді.
2024 жылға арналған бекітілген медиажоспарға сәйкес, газет бетінде 1 мақала жарияланды.
Мемлекеттік мекеме тиісті нормативтік құжаттарды қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларды бекітті.
Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
қызмет алушыларға кемсітусіз және тегін тең қолжетімділік;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
үнемділік пен тиімділік.
Тоқсан сайын бөлім тарапынан қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен «электрондық үкімет» порталы арқылы қандай қызметтер алу қажеттігін түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер мен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау және жинау, сондай-ақ ақпараттық жүйеде бастапқы тіркеу қызмет алушы тарапынан жүзеге асырылады. Жергілікті мемлекеттік орган өңделген өтінімдерді қабылдап, белгіленген мерзімде тікелей байланыссыз қызмет көрсетеді.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, инфографика және өтініш үлгілері орналастырылған ақпараттық стендтер орнатылған.
Мемлекеттік қызметтер – мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір нысаны. Мемлекеттік басқару органдары алдына Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолайлылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қызмет алушы – халықтың қажеттілігіне бағыттау.