2025 жылғы 6 сәуірде Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 26 754 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 11 290 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 31 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Нұрманов Аманжол Нұрманұлы үшін сайлаушылардың 2765 дауысы берілді;
Саттарбай Қуаныш Тапықұлы үшін сайлаушылардың 1055 дауысы берілді;
Омаров Төлеген Әнуарбекұлы үшін сайлаушылардың 6918 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 511.
Сайлау қорытындылары бойынша Өтеген батыр ауылдық округі әкімі болып:
1973 жылы туған, «Күрті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ әкімі, Ақши ауылының тұрғыны Омаров Төлеген Әнуарбекұлы сайланды.
Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы