Іле ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы

_____№12___

2020 ж. 23 қазан

Іле ауданы мәслихатының депутаттарын

сайлау жөніндегі аумақтық сайлау

округін құру туралы

             "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6-тармағына сәйкес Іле аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Іле аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Іле аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округінің шекаралары болып Іле ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары белгіленсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Қалдыбаеваға жүктелсін.

 

Іле аудандық сайлау

комиссиясының  төрайымы                            Г.Чинаева

 

Іле аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                            М.Қалдыбаева

Іле ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы
Дата публикации
28 октября 2020