ЖОБА
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Іле ауданы әкімдігінің «Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 6-1111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2421 тіркелген, 2013 жылдың 13 қыркүйегінде «Іле таңы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекетті тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қарасаев