Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 109-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №37-119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205172 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1) кiрiстер 274 453 504 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 256 230 267 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 433 835 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 3 020 254 мың теңге;
трансферттер түсiмі 14 769 148 мың теңге;
2) шығындар 274 971 505 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 163 467 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 257 546 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 94 079 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 681 468 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
681 468 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 257 546 мың теңге;
қарыздарды өтеу 973 240 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 397 162 мың теңге.
3. Осы шешiм қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.