Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Іле ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №10-50 «Іле ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 12 қаңтарда № 4064 тіркелген, 2017 жылдың 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

 

Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

 

Ж. Бейсембаев

Іле аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Р. Абилова

 

Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
21 октября 2020