Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы  28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Іле ауданы әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің аппаратының басшысы М. Мадигуловқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

 

Б. Карасаев

 

Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
21 октября 2020