«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдері өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын төленеді;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектігінің алынып тасталуы, Іле ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
|
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
Ж. Бейсембаев |
|
Іле аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Р. Абилова |