Іле ауданының дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылған № 967 сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының          23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 37 бабына сәйкес және № 967 сайлау учаскесі орналасқан ғимаратты жөндеуден өткізуге байланысты Іле ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Боралдай кенті, Водник-1 ықшам ауданы, Әзербаев көшесі № 1, К.Әзербаев атындағы № 15 орта мектеп ғимараты мекен-жайында орналасқан
    № 967 сайлау учаскесінің орталығы Боралдай кенті, Қарасай батыр көшесі,
    № 20 мекен-жайында орналасқан «Айгөлек Ай» жеке меншік балабақшасы мекен-жайына уақытша ауыстырылсын.
  2. Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясына №967 сайлау учаскелерінің орталықтарын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

 

 

 

Аудан әкімінің м.а.                                         А.Әуесбай

Дата публикации
17 сентября 2024