"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес № 404, 405, 340, 967, 392, 969 сайлау учаскелерінің орталықтары орналасқан ғимараттарда күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Іле ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес №404, 405, 340, 967, 392, 969 сайлау учаскелерінің орталықтары уақытша ауыстырылсын.
- Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясына №404, 405, 340, 967, 392, 969 сайлау учаскелерінің орталықтарын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансы және Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Іле ауданы әкімінің
№___ шешіміне қосымша
Сайлау учаскелерінің орталықтарын ауыстыру туралы ақпарат
- № 404 сайлау учаскесінің орталығы: М.Түймебаев ауылы, Алматы көшесі № 189а, № 20 орта мектеп, жаңа мекен-жайы: М.Түймебаев ауылы, О.Жандосов көшесі № 30/1, «Montessori academy» жеке мектебі;
- № 405 сайлау учаскесінің орталығы: М.Түймебаев ауылы, «Первомайские пруды» ғимараты № 8 Б/1, жаңа мекен-жайы: М.Түймебаев ауылы, «Первомайские пруды» әскери қалашығы № 8 Б ғимараты;
- № 340 сайлау учаскесінің орталығы: Боралдай кенті, И.Байзақов көшесі № 59, № 40 орта мектеп, жаңа мекен-жайы: Боралдай кенті, Мамыр көшесі № 1а, «Бейбарыс» жеке балабақшасының ғимараты;
- № 967 сайлау учаскесінің орталығы: Боралдай кенті, И.Байзақов көшесі № 59, № 40 орта мектеп, жаңа мекен-жайы: Боралдай кенті, Водник-1 ықшам ауданы, Әзірбаев көшесі № 1, К.Әзербаев атындағы № 15 орта мектеп ғимараты;
- № 392 сайлау учаскесінің орталығы: Екпінді ауылы, Шевченко көшесі № 3, № 2 орта мектеп, жаңа мекен-жайы: Екпінді ауылы, Әуезов көшесі № 17, жеке балабақша ғимараты.
- № 969 сайлау учаскесінің орталығы: Н.Тілендиев ауылы, Тұлпар көшесі № 30б, «Мамырбек» сауда орталығы, жаңа мекен-жайы: Н.Тілендиев ауылы, Алматы көшесі № 32, № 26 орта мектеп ғимараты.