Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Іле ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Іле ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

  1. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

АУДАН ӘКІМІНІҢ М.А.

 

Н. МАМБЕТЖАНОВ

Дата публикации
05 августа 2024