Іле ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы Шешімнің және Қаулының Жобасы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Іле ауданының елді мекендерінің шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:

1) Байсерке ауылдық округі бойынша:

Ынтымақ ауылының шекарасы (шегі) 24,9341 гектарға өзгертіліп, Ынтымақ ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 201,7298 гектар болып белгіленсін;

Қоянқұс ауылының шекарасы (шегі) 98,9084 гектарға өзгертіліп, Қоянқұс ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 985,8900 гектар болып белгіленсін;

Жаңадәуір ауылының шекарасы (шегі) 29,1921 гектарға өзгертіліп, Жаңадәуір ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 693,7746 гектар болып белгіленсін;

Көктерек ауылының шекарасы (шегі) 28,7263 гектарға өзгертіліп, Көктерек ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 105,1485 гектар болып белгіленсін;

Әли ауылының шекарасы (шегі) 98,3082 гектарға өзгертіліп, Әли ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 236,5286 гектар болып белгіленсін;

2) Жетыген ауылдық округіндегі Құйған ауылының шекарасы (шегі) 6,9602 гектарға өзгертіліп, Құйған ауылының  жаңа шекарасының жалпы көлемі 118,2437 гектар болып белгіленсін;

3) КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылының шекарасы (шегі) 16,6006 гектарға өзгертіліп, Комсомол ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 418,6627 гектар болып белгіленсін;

4) Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:

М.Түймебаев ауылының шекарасы (шегі) 27,8862 гектарға өзгертіліп, М.Түймебаев ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1506,6392 гектар болып белгіленсін;

Жәпек батыр ауылының шекарасы (шегі) 1,9233 гектарға өзгертіліп, Жәпек батыр ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 528,7469 гектар болып белгіленсін;

5) Междуреченск ауылдық округіндегі Екпенді ауылының шекарасы (шегі) 15,0297 гектарға өзгертіліп, Екпенді ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 403,2097 гектар болып белгіленсін;

         6) Байсерке ауылдық округінің Жаңаталап ауылының; Жетіген ауылдық округінің Жетіген ауылының; Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылының; Қараой ауылдық округінің Қараой, Қосөзен ауылдарының; КазЦИК ауылдық округінің КазЦИК ауылының; Ащыбұлақ ауылдық округінің Кокқайнар, Төле би ауылдарының; Междуреченск ауылдық округінің Междуреченск ауылының; Күрті ауылдық округінің Ақши ауылының және Боралдай кентінің көлемдері өзгеріссіз, шекаралары ұсынылған картографиялық құжаттарына сәйкес бекітілсін.

2.Осы бірлескен Іле аудандық мәслихаттың шешімі мен Іле ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары Жөргенбаев Асылбек Мұхтарұлына жүктелсін.

  1. Осы бірлескен Іле аудандық мәслихатының шешімі мен Іле ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Іле аудандық мәслихатының

сессия төрағасы

__________Ж. Бейсембаев

Іле ауданының әкімі 

___________Б. Қарасаев

Іле аудандық

мәслихатының хатшысы

______________Р. Абилова

Іле ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы Шешімнің және Қаулының Жобасы
Дата публикации
18 сентября 2020